Журналистердің сауалдарына жауап бере келіп, Қ.Тоқаев әлемдегі құбылмалы жағдайда өтіп отырған сайлаудың тарихи маңызын атап өтті. Спикердің айтуынша, Президент Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда тұрақтылық және болашақ күнге сенім бар. "Сондықтан осы сайлауды пайдаланып, бәріміз бір ел болып, біздің кемелділігімізді, тұрақтылығымызды бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сайлау әділ және ашық болатынына ешқандай күмән жоқ", - деді Қ.Тоқаев.
11:29, 20 Наурыз 2016
Сайлау әділ және ашық болатынына ешқандай күмән жоқ - Сенат төрағасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы №100 сайлау учаскесінде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен қалалық Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді.