Орталықтың мәліметінше, сайлау күндері мұндай ақпараттық арандатулар әлемнің көптеген елдерінде тіркеледі. Олардың негізгі мақсаты — дауыс беру рәсімі туралы бұрмаланған түсінік қалыптастырып, азаматтардың жағымсыз эмоциялық реакциясын туындату.
Жалған жарияланымдарда көбіне бұрын түсірілген фотолар мен бейнематериалдар, басқа елдердегі оқиғаларға қатысты кадрлар, түсірілген уақыты мен орны көрсетілмеген видео үзінділері және анонимді аккаунттардан тараған ақпараттар пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен қатар заманауи монтаж және жасанды интеллект құралдары арқылы танымал тұлғалар мен саясаткерлердің бет-бейнесі немесе дауысы қолданылған жалған фото, аудио және бейнематериалдар жасалатыны айтылды.
Орталық қазақстандықтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және кез келген мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеруге шақырды.
— Расталмаған хабарламаларды таратпаңыздар. Ақпаратқа мұқият әрі жауапкершілікпен қарау сайлау күні сабырлы әрі өзара құрметке негізделген ахуалды сақтауға ықпал етеді, — делінген үндеуде.
Айта кетейік, бүгін, 22 тамыз - Қазақстанда Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні.