АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Көппартиялы Парламенттің мүддесі ол - Қазақстан халқының болашағы мен тәуелсіздігін нығайту. Бұл туралы бүгін 5-ші сайланған Мәжілістің бірінші сессиясынан кейінгі брифингте Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов мәлім етті.
«Депутаттар сайланды, бұл халықтың қалауы. Сондықтан біз енді халыққа қызмет етіп, сайлау алдында берген уәдемізді және бағдарлаламызды орындауға тырысамыз», - деп тоқталды депутат.
«Біздің басты міндет - аттан түсіп, қарапайым халықпен сөйлесіп, кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, Парламентте көтеру», - деді Н. Сәбилянов.
Сондай-ақ ол өз сөзінде депуаттардың басты міндеті елдің әл-ауқатын көтеретін, әлеуеттік жағдайды реттейтін заңдарды дүниеге әкелуге негізделетінін қадап айтты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.