Бұған Си-эн-эн және Си-би-эс телеарналары жүргізген қоғамдық пікірдің қорытындылары дәлел.
Бұл сөзсайыста Обама мен Ромни Таяу Шығыс пен Сириядағы жағдайлар, Иран, Пәкістан мен Қытайға қатысты АҚШ-тың жүргізіп отырған саясаты туралы пікір таластырған болатын.
Си-эн-эн телеарнасы таратқан мәліметтеріне сәйкес, респонденттердің 48 пайызы Обаманы ішкі саясаттың мәселелеріне арналған дебаттың соңғы кезеңінің жеңімпазы деп санайды, ал оның қарсыласы Ромни халықтың 40 пайыз сеніміне ие болуда. Айта кеткен жөн, дауыс берушілердің 59 пайызы Обама өзін күткеннен де айтарлықтай жақсы көрсете білді деп санайды.