Сайлау: Алматыдағы бір мандатты округтер бойынша кандидаттардың толық тізімі жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір мандатты округтер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарс сайлауына бір мандатты үш округ бойынша барлығы 104 кандидат қатысады. Толық тізім Алматы әкімдігінің сайтында жарияланған.

№3 сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына 37 кандидат, № 4 сайлау округі бойынша – 33 үміткер және № 5 сайлау округі бойынша – 34 кандидат тіркелген.

Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызға белгіленді. Оған жеті саяси партия қатысады.

Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланады.

Осылайша, депутаттардың 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеудің қорытындысын шығарған болатын.