Сайлау аса сауатты түрде өтіп жатыр - Еуропа Парламенті депутаты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандағы Президент сайлауы өте сауатты өтіп жатыр. Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауына орай өткен баспасөз мәслихатында Еуропа Парламентінің Орталық Азия бойынша делегация басшысы, Латвияның Еуропа Парламентіндегі депутаты Ивета Григуле осылай айтты.

Брифинг барысында Еуропа Парламентінің сайлауға қатысты бірқатар учаскелерді аралағанына тоқталып, ондағы үлкен белсенділікке тәнті екенін жеткізді. «Еуропа жұртшылығы арасында мұндай белсенділік байқалмайды. Қазақстандағы жағдай бізді қуантты. Жалпы, Қазақстандағы сайлау қазақстандықтар үшін елдің дамуы тұрғысындағы өткен кезеңдерге көз жүгіртіп, ой қорытатын қандай да бір есеп беру өткелі секілді. Бұл шынымен солай. Халық болашағына алаңдайды, тұрақтылықты қолдайды. Сондықтан да, менің ойымша, бүгінгі күні алдағы бірнеше жылдарға арналған есеп беру пункті секілді», - деді ол.

Еуропалық депутаттың айтуынша, делегация мониторинг жұмысын кешке дейін жалғастырмақ ниетте. «Иә, алда жұмыстар баршылық. Дегенмен, айта кетейін, бәрі де сауатты түрде жүріп жатыр», - деді Ивета Григуле.