«Ең алдымен маған дауыс берген Қазақстан азаматтарына алғысымды айтқым келеді. Бұл үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілікті орындау мен үшін үлкен міндет. Бұл - халықтың сенімі. Сайлау жоғары деңгейде, әділ және ашық өтті. Сайлау барысын мыңнан астам халықаралық байқаушы қадағалады. Әлемнің 40 елінен келген 350-ге жуық шетелдік журналистер дүниежүзіне хабар таратты», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті 9 маусымда өткен сайлауда кандидаттарға барлық мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.
«Олар еркіндікте өз бағдарламаларын жариялады. Бұл жай ғана дауыс беру емес, азаматтарымыздың ел болашағына бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Қазақстан халқы Елбасы стратегиясының сабақтастығын берік қолдап отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.