Танымал әнші өзінің даусын Алматыдағы № 81 сайлау учаскесінде берді.
«Сайлау коронавирус пандемиясымен байланысты осындай күрделі жағдайда өтіп жатыр. Мұнда барлық санитарлық нормалар сақталған, бәрі ыңғайлы жасалыпты. Мен бұрынан дауыс беріп келе жатқан адаммын. Бұл әр қазақстандықтың борышы деп ойлаймын. Сондықтан мен барлығын дауыс беруге шақырамын «, - деді ол.
Сонымен қатар, ол болашақ жастардың қолында екенін тілге тиек етті.
«Қазір жастардың уақыты келді. Олар өзінің ақыл-парасаты, білімі жағынан лайықты және барлық талаптарға сай деп ойлаймын. Мен жастарға сәттілік тілеймін», - дейді әнші.
Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.