Сайлау барысына қатысты ешбір ескертпе жоқ - Ш.Тарпищев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау барысына қатысты ешбір ескертпе жоқ. Бұл туралы бүгін брифингте РФ Теннис федерациясының президенті, ТМД бақылаушылар миссиясының мүшесі Шәміл Тарпищев мәлім етті.

«Мен бүгін 9 сайлау учаскесінде болдым. Ондағы адамдардың санынан жаңылысуға болады. Адамдар өте жылы қарсы алуда. Мен сайлаушылардың өз балаларымен келіп жатқанын көрдім. Бұл таң-тамаша әсер қалдырды. Халық сайлауға қуана баратыны көрініп тұр. Бұл сайлаушылар қалада жасалып жатқан игіліктерді жоғары бағалауда деген сөз, бұл республикадағы дамуға сеніммен қараудың көрсеткіші. Қандай да бір ескертпелерім жоқ. Көбісі мені танып жатыр, бірге суретке түсуді сұрайды. Бұл мен үшін қызық, бірақ менің миссиям басқа бүгін. Қазақстандықтарды осындай жетістіктерге жеткендеріне құттықтау айтамын. Болашақта даму әлеуетінің жоғары екені даусыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері көп өзгерген. Ал Астана Орталық Азияның маржандарының бірі болып бой көтергендей.

«Кеңес дәуірінен бері мен Қазақстанды өте жақсы білемін. Алматыда жылына екі рет оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұратынмын. Менде мұнда достарым өте көп. Астана қазіргі уақытта Қазақстанның даму деңгейінің керемет көрсеткіші іспеттес. Бұл қалада өте тамаша өзгерістер орын алды», - деп түйді ойын Ш.Тарпищев.