Бүгін Астанада өткен SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңында Қазақстан дипломатия қызметінің ардагері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батыршаұлы Қазақстанның БҰҰ-дағы рөліне тоқталды.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің бас директоры қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылданған кезде БҰҰ Қазақстанның экономикалық, әскери және стратегиялық әлеуетін жоғары бағалаған.
Сайлау Батыршаұлы тағы бір маңызды фактор — әрине, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай, Сингапур және басқа да көптеген халықаралық комиссиялардағы мол жұмыс тәжірибесі екенін атап өтті.
Спикердің айтуынша, БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің бүкіл жұмысына жауапты болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегіне Бас хатшы Пан Ги Мун жоғары баға берген.
Соның арқасында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атану мүмкіндігіне ие болды.