Елордалық мәслихат аппаратының басшысы Вера Пытьева сессияға қатысушыларды «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық Заңына сәйкес сайлау учаскелерін құру әкімнің өкілеттілігінде, сайлау комиссияларын құру мәслихаттың өкілеттілігінде екендігінен хабардар етті. Астана қаласы әкімінің жаңа №255 сайлау учаскесін құру туралы шешімінің нәтижесінде учаскелік комиссия құру қажеттілігі туындады. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына жеті адам кіретінін және жеті үміткер ұсынылғанын есепке ала отырып, депутаттар №255 сайлау учаскесінің құрамын бірауыздан бекітті. Бұдан бөлек, Вера Пытьева депутаттарға сайлау комиссиясының 32 мүшесінен әр түрлі себептермен міндетінен босату туралы өтініш келіп түскенін айтты. Сессияға аудандық сайлау комиссияларының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
11:26, 10 Сәуір 2015
САЙЛАУ: Елордалық мәслихат депутаттары учаскелік комиссия құрамын бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мәслихат сессиясы барысында депутаттар «Астана қалалық учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау», «Астана қаласы мәслихатының сайлау комиссияларын құру бойынша кейбір шешімдерге өзгерістер енгізу» мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды astana.kz.