Сайлау Қазақстанда демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында кезекті әрі маңызды қадамға айналды - Е. Губушкина

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстанда демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында кезекті әрі маңызды қадамға айналды.

Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсының мәлімдемесіне орай «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында «Үкіметтік емес ұйымдар - Астана қолдау орталығы» қоры директорының орынбасары Елена Губушкина осылай мәлім етті.

«Өткен жексенбідегі сайлау қолданыстағы заңнама талаптарына толық жауап береді. Барлық үміткерлердің саяси бәсекелестігі үшін бірдей жағдайлар қамтамсыз етілді. Электораттың жоғары белсенділігі елді және оның жоғары саяси мәдениетін басқаруда халықты нақты тартудың айғағы болды», - деді орталық өкілі. Оның айтуынша, сайлау барысында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жоғары болды. Өйткені, дәл осы ұйымдар халықпен тығыз әрі тікелей жұмыс істеп, электоралды кезеңде азаматтардың саяси мәдениеті мен азаматтық белсенділігін арттыру бойынша жұмыстар атқарған. «Жалпы, алғанда осы сайлау Қазақстанда демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында кезекті және маңызды қадамға ай налды»,-деді Е. Губушкина.

Сонымен қатар, Азаматтық альянс қатарындағы үкіметтік емес ұйымдар таратқан мәлімдемеде бұдан әрі де мемлекетпен сындарлы ынтымақтастықта болатыны туралы мәселелер қамтылып отыр.