«Барлығы жақсы деңгейде өтті. Біз бұл сайлаудың Қазақстан халқы үшін маңызды екенін және бұл демократиялық қадам екенін білеміз. Сайлау кезінде барлық санитарлық талаптардың сақталғанын ерекше байқадым. Сайлауда дауыс берушілер де, байқаушылар да және БАҚ өкілдері де өз құқықтарын теңдей жүзеге асыра алды. Сайлаудың өту барысын түрлі партия өкілдері мен тәуелсіз байқаушылардың қадағалағанын көрдік. Бұл сайлаудың демократиялы түрде өткенін аңғартады. Түркия және өзге де түркітілдес мемлекеттер Әзербайжанды қолдайды. Қазақстан еліне де қолдау үшін алғысымды білдіремін. Біз сайлаудан кейін екіжақты экономикалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Нагиф Хамзаев елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі сайлау барысын ТүркПА атынан 8 байқаушы қадағалаған болатын.