— Бүгінгі таңда қолымда азаматтардың ерік білдіруіне күмән келтіруге негіз болатын расталған деректер жоқ. «Байтақ» партиясы Қазақстан халқының таңдауына құрметпен қарайды және сайлаудың заңда белгіленген тәртіппен анықталған ресми қорытындыларына сүйенетін болады, — деп атап өтті Әміртаев.
Сондай-ақ, ол сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауының қорытындысы сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленеді.