Оның атап өтуінше, «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 9-тармағына сәйкес сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау caлу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
«БАҚ-та дауыс беру күні алдындағы бес күн ішінде, яғни 15 наурыздан бастап және дауыс беру күні 20 наурызда қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялауға жол берілмейді. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады», - деді М.Сәрсембаев.