Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сайлау кезінде Ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Оған 30 мыңнан астам қызметкер қатысты, олардың 4 мыңға жуығы ішкі әскер қызметкерлері. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін сайлау учаскелеріне 19 мың полиция қызметкері тартылды»,- делінген таратылған хабарламада.
Сайлау өткізетін орындарға патрульдік полиция қызметі барынша жақын орналастырылды. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарын мүлтіксіз сақтап, орындады. Сайлау комиссиясы мен азаматтар тарапынан ешқандай ескертулер мен шағымдар түскен жоқ. Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілген жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.