Әрбір азамат сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосады. Елдің болашағын таңдау - әрбір азаматтың қолында.
Еске салсақ, қала тұрғындары қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында, ЖСН нөмірін жазу арқылы біле алады.
Айта кетерлігі, 9 маусым күні Шымкентте қоғамдық көліктер қала тұрғындарын тегін тасымалдамақ. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.