«Қазақстанда 26 сәуiрде болған президенттiк сайлау екi рекорд орнатты. Бiрiншiден, ол - сайлаушылардың белсендiлiгi. Сайлаушылардың дауыс беруге келген үлесi ТМД елдерiне, жалпы әлем үшiн болмаған жағдай. Бұл электораттың жоғары белсендiлiгiн және халықтың азаматтық ұстанымының биiк екендiгiн бiлдiредi. Сайлау комиссиялары да жақсы жұмыс жасады деген сөз. Мұндай көрсеткiш рекорд болып саналады», - дейдi ол бүгiн астаналық тiлшiлерге берген сұхбатында.
«Екiншiден, алдын ала exit-poll нәтижелерi бойынша, қазiргi Президенттiң сенiмдi жеңiсi тiркелдi. Елбасы 97 пайыздан астам дауыс жинады. Бұл көрсеткiш халық өзiнiң үмiтiн Президенттiң iстерiмен байланыстырып отырғандығын көрсетедi. Барша ел Қазақстанның тәуелсiздiк жылдары iшiнде қол жеткiзген жетiстiктерiн жоғары бағалайды. Ол - ұлтаралық келiсiм, саяси тұрақтылық, экономикалық реформалар, әлеуметтiк қамсыздандырудың жоғары деңгейi. Азаматтардың Мемлекет басшысы ұсынған жаңа реформаларды қолдауы - ел халқы мемлекеттiң осы бағытта дамуын жалғастыруды қалайтындығын бiлдiредi», - деп түйдi сөзiн Д. Әшiмбаев.