Бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының ғимаратында Республикалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелерімен кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Қазақстан халқына Жолдауында, Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде, 2020-Стратегиялық жоспарда айқын көрініс тапқан.
Бұл басымдықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасының негізін құрайды. Онда «Қазақстанның болашағының образы» нақты қалыптастырылған. Негізгі басымдықтарға орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдауды күшейту; таяу он жыл ішінде жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін, халықтың кедейшілігін 6 пайызға дейін төмендету; индустрияландыру аясында жүз мыңдаған жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу жатады.
Мемлекет азаматтарды жаңа мамандықтарға тегін оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын болады;
- әр жыл сайын алты миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысын, бес жыл бойына 350 аурухана мен емхананың, 400 мектептің құрылысын қамтамасыз ету;
- 2020 жылға қарай орташа күтілетін өмір ұзақтығын 72 жасқа дейін және одан әрі ұлғайту. Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды, ана мен бала өлімі екі есеге азаяды;
- барлық балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы, қазақстандық ЖОО-ның деңгейінің артуы әлемдік стандарттарға сай болады;
- аграрлық секторда еңбек өнімділігі артып, ет өнімдерінің экспорты оны арттыру жөніндегі бағдарлама мен ауыл шаруашылығын шағын кредиттеу бағдарламасын іске асыру арқылы 60 мың тоннаға жетеді;
- орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылдың 80 пайызын және шағын қалалардың 100 пайызын құрайды;
- 1400 шақырымға жуық жаңа темір жол желісінің құрылысы, республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының 16000-ға жуық шақырымының құрылысы жүргізіледі, әуе тасымалы нарығында бәсекелестік орта құрылады;
- «Самұрық-Қазына» қорының құрамына енетін ұлттық компаниялардың акцияларын халықтың арасында орналастыру бағдарламасы іске асырылады;
- халықтың қазақ тілін меңгеру деңгейін 95 пайызға жеткізу;
- саяси жүйені демократияландыруға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға арналған бағыт жалғасын табады. Парламент көппартиялы болуы тиіс;
- жауапты және белсенді сыртқы саясат, елдің қорғаныс қабілетін нығайту жалғасады.
Мемлекет басшысы бұл басымдықтардың өмірде нақты қолданылуы барша қазақстандықтардың өмірінде жағымды көрініс табатынын атап өтті.
"Міне, осыны халыққа түсіндіруді маңызды деп есептеймін. Қоғамды болашақ даму стратегиясына топтастыру қажет. Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа бағдарламасы халықтың қалауына жауап береді және оны әрбір әлеуметтік топтарға: бюджеттегілерге, бизнесмендерге, ауылдық тұрғындарға, әртүрлі ұлт өкілдері мен діни конфессияларға жеткізуде маңызы зор. Ешкім де сырт қалмауы тиіс. Әрбір қазақстандық сайлауға қатысуы керек", - деп атап өтті Президент.