Сайлау науқанын бақылау және қоғамдық бақылау қамтамасыз етілуі тиіс-Н. Назарбаев

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Сайлау науқанын бақылау және қоғамдық бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.

Бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының ғимаратында Республикалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелерімен кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Біз ашық елміз. ЕҚЫҰ-ға төрағалықтың және Ұйымның Астанадағы саммитінің арқасында жаңа достар таптық, оның ішінде мемлекет басшылары да бар. Сыртқы істер министрлігіне сайлауға мүдделі халықаралық ұйымдардан, партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан бақылаушылар шақыруды тапсырамын», - деді Президент.