Оның хабарлауынша, сайлау науқанын бақылау қоғамдық комиссиясының ресми сайты да ашылған.
"Жақында сайлау науқанын бақылау республикалық комиссиясы құрылды. Бiз Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлерiн, сайлау бақылаушыларын оқытып, халықаралық бақылаушылармен байланыс орнатамыз. Бiздiң мақсатымыз - сайлаудағы бұзушылықтарды анықтау ғана емес, оны алдын алу. Бiз сайлауға қатысты айтылатын сындардың алдында болғымыз келедi. Бiзде комиссияның www.bakylau.kz сайты ашылды. Егер сұрақтарыңыз болса, хабарласуларыңызды сұраймыз", - дедi Н.Ерiмбетов.
Еске сала кетейiк, ҚР Президенттік сайлауы 26 сәуiрге белгiленiп отыр.