Сайлау процесін ұйымдастыру технологияларының заманауи үлгілері: Әлемдік тәжірибе
Саяси өмірге де бұл жыл ерекше серпіліс берді. Локдаун кезіндегі экономиканың бәсеңдеуі, ұлттық өнімдердің беделінің артуы, сонымен қатар қашықтан саяси белсенділікті таныта алу да осының салдары. Осындай саяси белсенділіктің бірден бір көрсеткіші – сайлауға онлайн қатыса алу.
Сайлау процесін цифрландыру саласына қатысты дамыған мемлекеттердің тәжірибесі бар. Интернет-ресурстары арқылы дауыс беру Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда, Канадада, Эстонияда, Швейцарияда, Австралияда және тағы басқа көптеген мемлекеттерде қолданылады.
Әлемде электрондық дауыс берудің бірнеше түрі қолданылады:
· әлеуметтік карта арқылы дауыс беру;
· ұялы телефон арқылы дауыс беру (Ұлыбритания);
· электронды дауыс беруге арналған дискілерарқылы дауыс беру (Канада, АҚШ, Эстония);
· ID-карталарды пайдалану арқылы электрондық дауыс беру (Швейцария)
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары әлемде тұңғыш рет сайлау кезінде электронды құрылғыларды пайдаланған ел -Америка құрама штаттары. 2002 жылғы «Америкаға дауыс беруге көмектес» Федералдық заң 2006 жылдан бастап сайлаушылардың пошта арқылы дауыс беретін штаттарын қоспағанда, барлық сайлау учаскелері электрондық дауыс беру жүйесімен жабдықталуы тиіс екендігін көздеген.
Бүгінгі күндері федералды деңгейдегі сайлау кезінде дауыстардың 90% жуығы электронды түрде өңделеді. Тек жекелеген штаттарда ғана қолмен бюллетень санау форматы сақталған. АҚШ оптикалық сканерлеу мен DRE-технологияларды қолданады.
1969 жылдан бастап Франция сайлау кодексі электронды дауыс беруге мүмкіндік берді. Ал, 2003 жылы Франция ІІМ қағазсыз пайдаланылатын электрондық дауыс беру кешендерін сертификаттауға қойылатын техникалық талаптардың тізбесін қамтитын құжат қабылдады. Электрондық дауыс беруге арналған кешендерді пайдалану туралы шешім кейіннен префект мақұлдаумен коммуналардың құзырына кірді, бұл оларды пайдалану мен бақылауды жүзеге асырудың біркелкі тәсілін әлсіретеді.
Францияда алғаш рет 2004 жылы электрондық дауыс беруге арналған кешендер аймақтық және жергілікті сайлауда, одан кейін 2006 жылы парламенттік сайлауда және 2007 жылы өткен президенттік сайлауда пайдаланылған, мемлекеттің 83 қаласының 1,5 млн. сайлаушылары (3%) электрондық дауыс беруді пайдаланған. 2007 жылы Франция Президентінің сайлауын өткізу барысында мемлекеттің кейбір үкіметтік емес ұйымдары электрондық дауыс берудің сенімділігіне күмән келтірді.
2003 жылдан бастап Францияда интернет арқылы дауыс беру шетелде жүрген азаматтар үшін (шамамен 800 мың адам) қолданылады.
Алайда, Француз өкіметі дауыс беруге арналған электронды құрылғыларды ел бойынша пайдаланудан бас тартуды көздеп отыр.
2002 жылы Швейцарияда Федералдық кеңес мақұлдағаннан кейін ұлттық деңгейде электрондық дауыс беру үшін «пилоттық жобаларды» өткізуге арналған құқықтық база құрылды. Эксперимент Женеваны есепке алғанда үш кантонда өткізілді. Электрондық дауыс беру ID-карталарды қолдану арқылы жүргізілді. Анонимділік интернет желісі арқылы дауыс берушілер үшін аты-жөні көрсетілген тізім болмағанымен, дауыс беруге арналған жарамды карточкалардың нөмірлерімен қамтамасыз етілді. Швейцарияда алғашқы интернет-дауыс беру 2004 жылғы федералды сайлауда өтті. Бұл елде дауыс беру үшін интернетті қолдана алатын форматта референдумдар өткізіліп тұрады. Сайлаушыны жеке сәйкестендірудің «Blockchain e-ID-System» электронды жүйесі жасалды. Швейцариялық сарапшылардың пікірінше, блокчейн технологиясы қауіпсіздіктің сапалы жоғары деңгейіне кепілдік бере алады, оның ішінде хакерлік шабуылдардан және жеке деректерді теріс пайдаланудан тиімді қорғаныс бар. Блокчейн технологиясының архитектурасы орталықтандырылмаған ақпараттық ағындарды басқару және деректерді «сақтау» қағидаты бойынша салынған. Бұл жүйе шеңберінде хакерлер «басқарушы» орталық жоқ (ортақ немесе жалғыз сервер), сондықтан, дауыс беру немесе сайлау, референдум немесе сауалнама нәтижелерін бұрмалауына мүмкіндік тумайды.
2002-2003 жылдары Ұлыбританияда электронды дауыс беру жүйесінің ауқымды тесттер жүргізілді. 2002 жылы елдің бірқатар аудандарында интернет желісі (яғни, үйдегі компьютерлерінен) және ұялы телефондар (SMSхабарламалар арқылы) арқылы дауыс беруге рұқсат етілді. Мұндай жаңа шараларға негізгі себеп – сайлау процесіне жастарды тарту. Ливерпулде муниципалдық сайлауда эксперимент ретінде интернет арқылы, ұялы және қалалық телефон арқылы дауыс беруге рұқсат етілді.
Бразилия мемлекеті 2000-жылдан бастап барлық сайлауларын толыққанды автоматтандырылған форматты өткізеді. Бқл елдің озық тәжірибесі басқа да Латиноамерикандық мемлекеттерде электронды жүйенің еңгізілуіне себепкер болды.
Канадада алғашқы онлайн-сайлау 2003 жылы өткізілді, ол кезде сайлау жергілікті сипатта болды, осы уақытқа дейін Жаңа Демократиялық партияның лидерінің кандидатурасы ғана болды. 2006 жылдан бастап CanVote жеке компаниясы Онтариодағы 12 муниципалитетте 100000-нан астам сайлаушылар тіркеліп, дауыс берді. CanVote онлайн-таңдауды телефондық дауыс берумен біріктіреді. I-Voting қызметін жергілікті университеттер де белсенді пайдаланады.
Эстония - жалпыұлттық интернет-дауыс беру жүйесін құрған әлемдегі бірінші мемлекет. Эстонияда Интернет-сайлау өткізу идеясы 2001 жылдың басында пайда болды. Жоба 2005 жылғы қазанда өткен жергілікті сайлау кезінде қолданылды.
Көптеген мемлекеттер жаңа дауыс беру технологияларын іс жүзінде қолданып көрді. Олардың бірі оң тәжірибе алды, ал кейбіреулері айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Жоғарыда келтірілген мысалдар электронды дауыс берудің тәуекелдермен қатар бірқатар артықшылықтары бар екенін көрсетеді, соның ішінде:
■ сайлау белсенділігін арттыру;
■ баламалы дауыс беру арналарының пайда болуы, бұл әсіресе шетелде тұратын азаматтар үшін, сондай-ақ мүгедектер үшін өте маңызды;
■ дауыс беру нәтижелерін қорытындылауды жеделдету, процестің өзі ыңғайлылық пен жеңілдету (қашықтықтан дауыс беру мүмкіндігі) және т.б.
Сайлауда электронды дауыс беруді қолдануға ұмтылған елдер бірқатар құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді алдын-ала шешуі керек, олардың ішінде Еуропа Кеңесі Министрлер Комитетінің 1289-отырысында (14.07.2017) қабылданған «Электрондық дауыс беру ережелері туралы» Ұсынымда көрсетілген.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияның ережелеріне сілтемелер бар (07.10.2002). Аталған ұсыным электронды дауыс беруді «дауыстар беру және / немесе санау үшін электрондық құралдарды пайдалану» деп анықтайды, сонымен бірге «қауіпсіз, сенімді, тиімді, техникалық жабдықталған, тәуелсіз тексеруге ашық және қол жетімді электрондық дауыс беру халықтың сенімін нығайта алады» деп көрсетілген.
Электронды дауыс берудің ұтымды жақтарымен қатар қауіптері де бар. Олардың қатарында:
- алаяқтардың болуы. Көптеген елдерде дауыс беруге арналған ресми сайттармен қатар, осындай дауыс беру жүйесінің беделін түсіру, сайлаушыларды тонау және оларға зиян келтіру мақсатында электрондық дауыс беруге арналған жалған ресми сайттар жасалуда;
- хакерлердің атакасы. Киберқауіпсіздіктің жаңа саяси көрініс алуы, сайттарға жасалған шабуылдар мен сайлау нәтижелерінің фальсификациясына алып келуі мүмкін;
- идентификацияның шынайы болмауы. Жеке кабинеттің паролі мен логинің алған бөгде адамдар сен үшін дауыс бере алмайтындай жағдай жасалу керек;
- интернет жүйесінің толыққанды қамтылмауы. Көптеген елді мекендерде интернеттен бөлек, ұялы байланыстың де өте әлсіз жұмыс жасау орын алған.
Жоғарыда аталған кемшіліктер қоғам дамуына шектеу болмау керек, керісінше біз олардың алдын алып, жаңа деңгейге шығуымыз қажет. Электрондық дауыс беру - бұл іс жүзінде азаматтардың ерік-жігерін нақты орналасқан жерімен байланыстырмауға мүмкіндік беретін қашықтықтан дауыс беру. Қазіргі уақытта электронды дауыс берудің нормативтік консолидациясы жас сайлаушылардың, сондай-ақ сайлау күні шетелде жүргендердің белсенділігін арттыруға көмектеседі деп есептеледі.
Электрондық дауыс берудің мақсаттарының бірі - «адам факторының» әсерін төмендету арқылы нәтижелерді бұрмалау немесе бұрмалау ықтималдығын азайту.
Адамдар өз қажеттіліктерінің көп бөлігін Интернетті смартфоннан немесе компьютерден пайдаланып қанағаттандыруға дағдыланған. Бұл тенденция коронавирустық пандемия кезінде күшейе түсті. Онлайн дауыс беруге қатысу сайлау учаскелеріне бармауға мүмкіндік береді, осылайша уақытты үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар пандемия жағдайындағы байланыстарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе еліміздегі электронды сайлау жүйесіне көшуге дайындығын саралап жіберейік. Қазақстанда мемлекеттік сайттармен ешқандай қиындықсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Интернет бар болса, қашықтықтан электронды дауыс беру жүйесін ЭСҚ, Digital-ID арқылы тексеріп, құпия дауыс беру қағидасын сақтай отырып құру қажет.
Онлайн форматта өз дауысын пайдалану тәжірибесі елімізде биылғы жылы алғаш рет қолданылды. «Нұр Отан» партиясы праймериз кезінде электронды дауыс беру жүйесін еңгізді. Партияның ішкі сайлауларында онлайн дауыс беру мобильді қосымша немесе primaries.kz сайтында кез-келген интернет-браузер арқылы жүргізілді. Праймериздің екінші кезеңі кезінде, сайлаушылар дебат нәтижелері бойынша Маслихат пен Мәжіліс тізіміне еңетін кандидаттарға дауыс беру үшін де осы форматты қолдануды қарастыруда.
Көптеген елдерге әсер етіп жатқан пандемияның екінші толқыны сайлау барысында онлайн-дауыс беруді еңгізуді күн тәртібіне шығарып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылы 10 қаңтарында өтетін сайлауда онлайн-дауыс беру мүмкіндігін жоққа шығарды, алайда уақыт нақты шешімнің қандай боларын көрсетеді. Бірақ қалай болса да интернет нашар және байланыс нашар жерде дауыс беру дәстүрлі қағаз әдісімен жүзеге асырылады.
Осылайша, электронды дауыс беру жүйесіне көшу осы үдерістің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, электронды үкімет жүйесі деңгейінде қамтамасыз етілуі керек.
Рыстина Индира, саясаттанушы