«Сайлау штабтарының белсенділігі арқасында үгіт-насихат жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Тіпті халық коммунистері де маркстік-лениндік доктриналарының ескішілдігіне қарамастан заманауи коммуникациялар мен технологияны белсенді түрде қолдануда. Бұл науқанда жерде бұрынғыдай кандидаттардың емес, идеялар мен құндылықтардың бәсекелесі жүріп жатыр. Бір қызығы, ешбір кандидат бір-біріне қарсы пікірлер айтып жатқан жоқ», - деді ол.
Сарапшының айтуынша, кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге бірінші кезекте сыртқы факторлар себеп болған.
«Сыртқы факторлар бұл маңызды шешімдер қабылдауға итермелейтін, халықты топтастыратын жәйт. Сайлау өткізу туралы шешім, кейін орын алуы ықтимал кейбір жағымсыз саяси жағдайларды болдырмауға, оның алдын алуға арналған жақсы қадам», - деді А.Чеботарев.