Сынақты бастамас бұрын, Қ.Есжанов лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң жазбаша тiзiмiн берудi сұрады. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков бұл талапты орындауға мiндеттi болмаса да, тiзiмдi әкелуге келiстi. Дегенмен кандидат комиссия мүшелерiне сенiм танытпайтындығын мәлiм етiп, қазақ тiлiнен емтихан тапсырудан ресми түрде бас тартты. Айта кетейік, Қанат Есжанов 2011 жылғы президенттiк сайлауда да бақ сынап көрген болатын. Алайда ол кезде мемлекеттiк тiл бiлiмiне қатысты сынақтан сүрiнген. Оның ойынша, "содан берi лингвистикалық комиссия мүшелерi өзгермеген".
"Сондықтан оның объективтiлiгiне сене алмаймын. Екiншiден, менiң ойымша, 94 мың дауыс жинау физикалық тұрғыда мүмкiн емес. Сонымен қатар сайлауалды науқанға 1 млн. астам теңге жинау әркiмнiң қолынан келмейдi", - дедi президентiкке үмiткер болған Қ.Есжанов.
Айта кетейiк, Қанат Сабырұлы Есжанов 1962 жылы туған, заңгер. Саяси додада өзiн-өзi ұсынып отырған кандидаттардың бiрi.