«Біз Астана маңындағы үш елді мекенде болдық. Сайлау учаскелері дер уақытында ашылды. Біз байқаушылармен, сайлау комиссияларының өкілдерімен және қарапайым азаматтармен тілдестік. Техникалық тұрғыдан алып қарағанда сайлау өте сауатты әрі ұйымшылдықпен өткізілді», - деді ол.
Г.Федеров сонымен қатар өз сөзінде таңертеңнен дауыс беруге келген сайлаушылардың қарасы көп болғанын ерекше атап өтті.
«Сондай-ақ біз сайлау комиссиялары өкілдерінің дайындықтарын тексердік. Жалпы, азаматтардың дауыс беру құқығын шектейтіндей ешқандай заң бұзушылық орын алмады», - деді шетелдік байқаушы.