Сайлау тиісті заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр - ІІМ вице-министрі

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сайлау күні елімізде қоғамдық тәртіп немесе заңбұзушылық әрекеттері орын алған жоқ.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында журналистермен брифинг өткізген ІІМ вице-министрі Александр Кулинич мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары 9725 сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалауда. «Сайлау тыныш, тиісті заң талаптарына сай өтіп жатыр. Әзірге сайлау заңнамаларын және өзге де Қазақстан заңнамаларын бұзған әрекеттер тіркелген жоқ. «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес, 3 сәуір біз үшін жұмыс күні болып есептеледі. Бүкіл 23 мыңнан астам сақшыдан тұратын жеке құрам сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалауда. Біздің қызметкерлер сонымен қатар еліміздің барлық қалаларында арнайы жұмыстар бойынша тәртіпті жіті қадағалау бағытында тиісті шаралар атқаруда»,-деді вице-министр.