Сайлау учаскелері дауыс беру күніне дайын және олардың қызметі ОСК-ның жіті қадағалауында - Б.Мелдешов

АНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Кезектен тыс Президент сайлауына небәрі 2 күн қалды. Бүгін Президенттікке канидаттар үгіт-насихат шараларын жүргізетін соңғы күні.

Ал ертеңнен бастап елдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өздерінің атқаратын жұмыстарын тағы бір пысықтап алып, дауыс беру күніне дайындалады»,-деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов журналистерге берген сұхбатында.

ОСК хатшысының сөзіне қарағанда, еліміздегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары сақадай сай отыр. Сайлау учаскелерінде барлық қажетті аппаратуралар мен мәліметтер орналастарылды. «Сәуірдің

3-і күні барлық сайлау учаскелері ашылып, дауыс берумен байланысты шараларды жүзеге асыруға кіріседі. Сайлау учаскелері дауыс беруге 1 сағат қалған кезде байқаушылардың қатысуымен ашылады. Барлық сайлау учаскелері дауыс беру күніне дайын. Біз бұл бағыттағы жұмыстардың барлығын қадағалап отырмыз. Біз қазір еліміздің барлық аймақтарымен байланыстамыз. Осы уақытта барлық сайлау учаскелеріне дауыс беру бюллетеньдері де, бюллетеньдер салынатын жәшіктер де жеткізілді»,-деді ОСК хатшысы.