Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына орай БАҚ өкілдері үшін Астанада ұйымдастырылған баспасөз мәслихатын Грекия елінің байқаушысы, «European Profiles» компаниясының кеңесшісі Стефано Ауглеас осылай айтты.
Грекия Республикасының өкілдері Қазақстанда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өту барысын бақылау мақсатында таңертеңгі сағат 10-нан бастап 20-ға жуық сайлау учаскесінде болып, өздерінің ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Грекиядағы Америка колледжінің дипломатиялық және жаһандық қарым-қатынастар институтының ректоры Андреас Андрианопулос атап көрсеткендей, сайлау учаскелерін аралау барысында сайлау заңнамасын айтарлықтай бұзу фактілері орын алған жоқ.
«Учаскелерде дауыс беру үдерістері өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлау комиссиясының әр қызметкері өз орнында. Сондай-ақ біз, әрбір сайлау учаскесінде ел президенттігіне үміткерлердің мүддесіне өкілдік етпейтін өзге саяси партиялардың өкілдері болғандығын байқадық. Біз учаскелердегі басқа байқаушылармен сұхбаттасып, олардың дауыс беру үдерісі туралы, заң бұзушылықтардың орын алу- алмауы туралы пікірлерін де білдік. Естіген жауаптарымыз: «Сайлау талаптарға сай өтіп жатыр» дегенге сайды», - деді ол.
Дауыс берушілерге тоқталған А.Андрианопулос, түскі сағат 13.30-ға дейін олардың сайлау учаскелеріне келу белсендігі төмен болғандығын айтты. «Соған қарамастан, сайлаушылардың 40-50 пайызы дауыс беріп қойды», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, 16.30-дан бастап елордалықтардың белсенділігі артып, кейбір учаскелерде олардың тіпті кезекте тұруына тура келді. «Пайымдауымша, сайлау учаскелерінің жабылуына қарай азаматтардың легі одан сайын арта түседі», - деп түйіндеді ол.
Өз кезегінде С.Ауглеас, әріптесімен бірге аралаған сайлау учаскелерінде ел президенттігіне кандидаттардың кейбірінің сенімді өкілдері болмағандығы таң қалдырғанын айтты.