Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеді - Марат Қожаев
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес құқық қорғау органдары сайлау кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Осыған байлансты 7-11 маусым аралығында ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген кестесіне көшті. Әкімшілік және мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін арнайы штабтар құрылды. Қоғамдық орындарда қауіпсіздікті 10 мың полиция қызметкері және ұлттық ұлан әскері қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ біздің жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камерлары да қадағалап отыр. Біз барлық сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалап отырмыз», - деді М.Қожаев.
Оның атуынша, екі ауысымдық режімде 19 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр. Кеше барлық сайлау учаскелері тексеріліп, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Өрт болмауы үшін тиісті шаралар қабылданды.
«Сайлау учаскелеріндегі оқиғаларға уақытылы ден қою үшін әрбір қалалық, аудандық органдардан ұтқыр жедел тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына прокуратура қызметкерлері де кіреді. Азаматтар мен сайлау комиссияларының кез келген арыздары бойынша ішкі істер органдары уақытылы ден қоюы үшін шаралар қабылданып жатыр. Сайлау туралы заңға сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері дауыс беру орындарына тек комиссия төрағасы шақырған кезде ғана кіреді. Тәртіп қалпына келтіргеннен кейін ол жерден дереу шығып кетеді. Жалпы осы сағатқа дейін сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Сайлау комиссияларынан арыздар келіп түскен жоқ», - деді Марат Қожаев.