«Егер сайлаушы дауыс беру нысанына дертіне, отбасының науқас бір мүшесіне қарауына байланысты келе алмаса немесе алыста болса, ол учаскелік сайлау комиссиясына жергілікті уақыт бойынша 12 сағат бұрын жазбаша түрде өтінім бере алады», - деді Ерлан Дауылбаев.
«Егер өтінім соншалықты көп болмаса, тек бір ғана жәшікті пайдалануға болады. Үйінен дауыс беретін азаматтарға баратын учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне дауыс беру бюллетені, азаматтың өтінімі мен үйінен дауыс беретін азаматтардың мекенжайларының тізімі беріледі. Бұл ретте учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне жеткілікті деңгейде дауыс беру бюллетені берілуі керек. Қозғалмалы жәшікті учаскелік сайлау комиссиясының екі мүшесі алып жүреді. Дауыс беру нысанынан тыс дауыс берілетін үйлерге шығар кезде сайлау комиссиясының төрағасы саяси партиялардың сенімді өкілін, байқаушылар мен БАҚ өкілдерін шақырады. Қозғалмалы жәшіктерді алып жүретін комисися мүшелерімен бірге саяси партиялардың сенімді өкілдері, байқаушылар және БАҚ өкілдері бірге жүруге құқылы», - дейді ол.