Сайлау заңнамасының бұзылуына байланысы шағымдар кідіріссіз қаралуы тиіс - Қ.Мәми

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау заңнамасының бұзылуына байланысы шағымдар кідіріссіз қаралуы тиіс. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті.

Қ.Мәми өз сөзінде ағымдағы жылдың 20 наурызында болатын Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауына, сонымен қатар мәслихат депутаттары сайлауына баса назар аударды. Сайлау заңнамасының бұзылуына байланысты барлық шағымдар мен өтініштерді соттар қысқа мерзімде немесе кідіріссіз қарауды қамтамасыз етуге міндетті екендігін ерекше атап өтті. Осы ретте Жоғарғы сот судьялары мен облыстық соттардың төрағалары алдына алдағы электоралдық кезеңде соттардың жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Сонымен қатар Жоғарғы сот төрағасы ағымдағы жылғы міндеттерді айқындай келе, сапалы судьялық корпусты қалыптастыру мәселелеріне айрықша назар аударып өтті.

«Сот төрелігін жоғары адамгершілік қағидаттары бар, ең лайықты кәсіби мамандар іске асыруа тиіс әрі асырады да. Осыған байланысты Жоғарғы сот кеңесі түбегейлі реформаланды. Сот төрелігі институтын Жоғарғы соттың қарамағына беру мәселелері заңнамалық деңгейде шешілді», - деп атап өтті ол.