Сайлау жарияланған сәттен бастап ҚР ОСК жанындағы Call-орталыққа 33 сұрақ жолданды - Л.Сүлеймен

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ОСК жанындағы Call-орталыққа Сенат депутаттарының сайлауы жарияланған сәттен бастап 33 сұрақ келіп түскен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ортылық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен айтты.

«Бізге сұрақтар келіп түсісімен, бір күн ішінде жауаптарын дайындап, сайлауды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың электронды пошталарына жібереміз. Бүгінге дейін Саll-орталыққа 33 сұрақ келіп түсті. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдете түседі. Мысалы, Орталық сайлау комиссиясына Сенат сайлауына байланысты бар-жоғы 3 сұрақ келіп түскен», - деп атап өтті ол

Л. Сүлейменнің айтуынша, ОСК-на келіп түскен сұрақтарға өте үлкен назар аударылады. Өйткені мемлекеттік қызметкердің өтінімдерге дер кезінде және барынша жауапкершілікпен қарауы ар-намыс кодексі бойынша бақыланады.