Сайлауалды науқаны барысында бірінші кезекте шет аймақтарға басымдық берілді - сарапшы М. Нұрғалиева

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына дайындық науқаны бірқалыпты өтуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Мәдина Нұрғалиева мәлімдеді.

«Сайлауалды науқаны барысында бірінші кезекте еліміздің шет аймақтарына басымдық берілді. Президенттікке кандидаттар аймақтарда болып, сайлаушылармен көптеген кездесулер өткізіп, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларымен жан-жақты таныстырды. Бәсекелестерін орынсыз жамандау, қаралау секілді жағымсыз әректтер болған жоқ» - деді М. Нұрғалиева.

Оның айтуынша, президенттікке кандидаттардың өздері және олардың штабтары сайлаушылардың сайлауға белсенді қатысуларына күш салды.