Сайлауда бәрі ашық және демократиялық жолмен өтті - СБРҚК байқаушысы Ж.Хамраев

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Байқауда бәрі ашық және демократиялық жолмен өтті, деп есептейді сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссиясы облыстық филиалының байқаушысы Жаңабек Хамраев.

«Бізде 2 068 сайлаушы тіркелген, ауа райының қолайсыздығына қарамастан дауыс беруге 2 030 адам қатысты. Сайлаушылар учаскеге көтеріңкі көңіл күйде келді. Өздері келе алмаған 14 сайлаушының үйлеріне жылжымалы жәшіктермен бардық», - деп баяндады Жаңабек Хамраев.

Өзі Сайрам жастар орталығының директоры қызметін атқарады. № 626 учаскесінде ҚР-ғы СБРҚК облыстық филиалының атынан байқаушы болған. Учаскеде онымен бірге Бельгия, АҚШ, Қырғызстаннан келген байқаушылар да болғанын айтады. «Біздің учаскемізде жасы ең үлкен сайлаушы - 92 жастағы Исмина Шадайқызы, ал ең жас сайлаушы - 18 жасар Әмина Мұсаева болған. Бұл сайлау есімде ерекше сақталады, онда белсенділік танытқан жастар өте көп болды», - деп баяндады Ж.Хамраев.

«Сайрамдағы барлық 57 сайлау учаскесіндегі басқаушылардың жас азаматтар болғанын, бірақ барлығы заң аясында қызмет жүргізгенін атап өту керек. Айта кетейік, биылғы жылы ҚР СБРҚК-ның ОҚО бойынша филиалы өз таңдауын жастарға берді, бұл туралы оның жетекшісі Досыбай Шерімқұлов та айтты. Бұл қоғамдық бірлестіктің өкілдері аймақтың барлық 1 029 сайлау учаскеснде болды. Досыбай Шерімқұлов сайлау процесі кезінде бұзушылықтар анықталмағанын хабарлады.