Еуразиялық экономикалық комиссия бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Бекботаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен осындай пікірмен бөлісті. Олар барша отбасымен бірге Мәскеудегі №215 сайлау учаскесіне келді. Өздерінің азаматтық парыздарын орындап, ҚР Президентінің сайлауында дауыс берді.
«Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы - қазақстандықтар үшін аса маңызды. Сондықтан бүгін отбасымызбен бірге балаларымыздың келешегі үшін Қазақстанның гүлденуі, дамуы және жарқын болашағы үшін дауыс бердік», - деді ол.