Сайлауда «Нұр Отан» ХДП 81 пайыз дауысқа ие болды - «Демократия институты» ҰЗҚ

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Демократия институты» ұлттық зерттеу қауымдастығының  «Exit poll»технологиясы бойынша жүргізген сауалнамасының қорытындысына сәйкес «Нұр Отан» партиясы 15 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы барысында сайлаушылардың 81 пайыз дауысына ие болды.

 Бұл туралы бүгін алдын ала мәліметтерін жариялаған «Демократия институты» ҰЗҚ директоры Юлия Кучинская мәлім етті. «Exit poll» технологиясы бойынша сайлау учаскелерінің шыға берістегі сауалнамалар негізіндегі нәтижелер мынадай болды: «Нұр Отан»ХДП - 81 пайыз, «Ақжол»партиясы - 7,3 пайыз, Қазақстанның коммунистік халық партиясы - 7,3 пайыз, ЖСДП - 1,4 пайыз, Ауыл партиясы - 1 пайыз, Қазақстанның патриоттары партиясы - 0,7 пайыз, Әділет партиясы - 0,6 пайызға ие болды» - деді Ю.Кучинская. Оның айтуынша, зерртеу шеңберінде Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 50 мың сайлаушы сұралған. 500 сайлау учаскесі сауылнамаға тартылса, оның 283-і қалада орналасқан. «Демократия институттары» аталмыш сауалнаманы Қазақстанның азаматтық альянсының тапсырысы бойынша жүргізді.