АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Бүгін тайлы-тұяғымызбен өз таңдауымызды жасадық. Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін», - деді Асылы Осман.
Айта кетейік, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.