«Менiң ойымша, қоғамның iшiнде де, сарапшылар қатарында да сайлау нәтижесiне ешкiм аса қатты таңғалған да жоқ сияқты, «ертең билiкке коммунистер келсе, не болады» деп уайымдамаған сияқты», - дедi ол бүгiн exit-poll нәтижелерiнен кейiн қазақстандық тiлшiлерге берген сұхбатында. - Бұл бiздiң елде қалыптасқан саяси жүйенiң қоғамдық және саяси мәдениеттiң тiкелей көрсеткiшi және нәтижесi деп толығымен айтуға болады. Естерiңiзге сала кетейiн, 1991 жылы сайлау кезiнде Нұрсұлтан Назарбаев халықтың 91 пайызға ие болған. Елбасы осы жолы да өзiнiң көшбасшы екенiн дәлелдедi. Екiншi жағынан, болашақта Назарбаевтан басқа ешкiм 90 пайыз халық қолдауына ие болмайды және болмауы да тиiс деп санаймын. Президент өзiнiң о баста белгiлеген нәтижесiне қол жеткiздi және осы нәтиженi сақтап қалды деп айтуға болады».
Оның ойынша, халық сайлау барысына емес, саяси науқаннан кейiнгi мемлекет бағытына үлкен мән беруi тиiс.
«Сайлауға дейiн айтқан ұстанымым да болды, менiң ойымша, бұл сайлауда ең бастысы ол - сайлау қалай аяқталады деген әңгiме емес болатын. Сайлау қалай аяқталатынын жұрт меңзеп болды. Басты мәселе - осы сайлаудан соң не болады, қандай нәтижеге қол жеткіземiз. Бүгiн Президентiмiздiң өзi сайлау учаскесiне барған кезде айтты ғой, ең басты мәселелердiң бiрi - алда қоғамды қалай iлгерi жылжытамыз, бұл тұрғыда қандай реформалар керек деген 5 мәселе бойынша қоғамдық мемлекеттiк комиссия құру жөнiнде ой айтты. Естуiмше, Әдiлет министрлiгiнде арнайы мемлекеттiк, үкiметтiк шешiмдер қабылданып жатыр екен, сол қоғамдық мемлекеттiк комиссиялардың немесе топтардың құрамы бекiтiлiп, алдағы күндерi жариялануы керек деп ойлаймын. Соның iшiнде қоғамда үлкен талқылаулар болуы тиіс. Бiздiң қоғамға қандай реформа қажет, саяси партиялар туралы, сайлау туралы, баспасөз бостандығы заңнамасы қалай өзгеруi керек деген тақырыптар бойынша үлкен талқылаулар жүруі тиiс деп есептеймiн. Бiр жағынан қоғамның iшiнде де, екiншi комиссияның арасында. Сол арқылы алдағы парламент сайлауы өткенде, соның негiзiнде қабылданатын заңдардың шеңберi, соның бағыты анықталып, сол арқылы қоғам алға жылжитындай, iлгерi жүретiндей болуы керек сияқты», - деп атап өттi ол.
Еске сала кетейiк, бүгiн, 27 сәуiрде жарияланған exit-poll нәтижелерi бойынша, кезектен тыс президенттiк сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 97,5 пайыз дауыс жинады.