«Біз комиссияның баспасөз орталығында брифингтер мен семинар-тренингтер жасап тұратын боламыз. Сонымен қатар, ел аймақтарында да бірқатар шараларды өткізуді жоспарлаудамыз. Алғашқы брифинг комиссия филиалдарының жұмысы туралы болады. Сонымен қатар аралық брифингтер болады. Мәселен, сайлау барысындағы бұзушылықтар мен олқылықтар туралы жедел мәлімдемелер де болады деп ойлаймын», - деді ол.
Сонымен бірге республикалық комиссия мүшелері аймақтарға шығып тұрады және сонда жергілікті БАҚ өкілдерімен жүздеседі.
Еске салайық, ҚР Президентін сайлау 26 сәуірге белгіленген.