Сайлаудың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін - Әзербайжан ОСК төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаудың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Бұл пікірді бүгін ҚР ОСК-де өткен брифингте Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов білдірді.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның сайлаушылары дауыс бере алуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз ертең қазақстандықтардың басым бөлігінің пікірін білетін боламыз. Мен сіздердің елдеріңізге байқаушы ретінде алғаш рет келіп отырғаным жоқ. Жалпы, сайлаудың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін», - деді М.Панахов.

Сонымен қатар Әзербайжан ОСК төрағасы сайлау қорытындысына орай барлық байқаушылар өз пікірлерін білдіретіндігін атап өтті.

«Олардың шынайы пікір білдіретіндігіне үміт артамын. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары да сайлау үдерісін жария етуде белсенді жұмыс атқарарына сенімдімін», - деді ол.