«Сайлауға барасың ба, өзгелерді де шақыра кел!» атты кең ауқымды ақпараттық науқан қорытындыланды

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін «Тәуелсіз аумақ» қозғалысының өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты ұйымдастырылған «Сайлауға барасың ба, өзгелерді де шақыра кел!» атты кең ауқымды ақпараттық науқанның барысын қорытындылады.

«Тәуелсіз аумақ» қозғалысының үйлестірушісі Нұрлан Нұрғазиннің айтуынша, 2011 жылдың ақпан айында қозғалыс белсенділері «Сайлауға барасың ба, өзгелерді де шақыра кел!» атты ұрандар ұстап көшеге шықты. «Онда белсенді жастарды көшеде кетіп бара жатқан көлік жүргізушілері де дыбыс беру арқылы қолдайтындықтарын білдіріп жатты. Аталмыш шараны елорда халқы жақсы қолдады»,-дейді «Тәуелсіз аумақ» қозғалысының үйлестірушісі.

Осыған қарай бүгін қозғалыс өкілдері осы шараның нәтижесін қорытындылай келе, сайлауға байланысты өткен шараға белсенді атсалысқан жастарды шақырып, оларға қозғалыс мүшесі деген куәлік табыс етіп, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.