Оның айтуынша, барлық облыстарда мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ететін білікті мамандар бар.
«Олар біздің мәліметтердің сақталуын бақылайды. Себебі сақтықта қорлық жоқ. Жүйені бұзып кіру оқиғалары бұның алдында болғанын айта кетейін. Содан кейін біз тиісті шаралар қабылдадық. Енді бізде интернетпен байланысы жоқ арнайы байланыспен қамтамасыз етілдік. Сондықтан осы жүйемен жұмыс істей аламыз. Аймақтардан келетін барлық ақпараттар осы жүйемен келіп түседі, бұл оған ешкім теріс мағлұматтар енгізіп, сайлаудың астан-кестеңін шығармау үшін жасалуда», - деп атап өтті ол.