«Биылғы президент сайлауы сайлаушылардың келу көрсеткішінің жоғары екенін көрсетіп отыр. Бұл азаматтардың елдің басты саяси оқиғасы төңірегінде біріккенін аңғартады. Бұл азаматтардың электоралды белсенділігін арттыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы мен үміткерлердің сайлау штабтары жүргізген сайлауалды үгіт-насихаттарының ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Ақпараттандыру деңгейі тиісті дәрежеде болды, БАҚ әр үміткердің сайлауалды үгіт-насихаттарымен азаматтарды таныстырды. Бүгінгі күннің нәтижесі қазақстандықтардың саяси көңіл-күйінің анықтап қана қоймай, сонымен қатар елдің ары қарай даму жолын анықтайды. Қазір әр сайлаушы таңдауын жасауда үлкен жауапкершілік танытып отыр деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.
17:42, 26 Сәуір 2015
Сайлауға жаппай қатысу азаматтардың елдің басты саяси оқиғасы төңірегінде біріккенін аңғартады - профессор Г.Насимова
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беруге келген сайлаушылардың қатары қалың. Бұл елдің басты саяси жаңалығы төңірегінде азаматтардың шоғырлануын көрсетеді, деді ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Гүнәр Насимова.