Жоба электоралды және сайлау тақырыбында келіп түсетін сауалдарға жауап беруге бағдарламаланған Telegram чат-боты (https://t.me/electionqazbot)
болып табылады. Виртуалды көмекші «Сайлаумэн» чат-боты тұтынушыларға келесідей қызметтерді ұсынады: сайлаудың жүргізілу барысы туралы; өз сайлау учаскеңізді қалай табуға болатыны жөнінде; сайлаушылар, байқаушыларға арналған нұсқаулықтар; алдағы ҚР-ғы сайлауға қатысты басқа да ақпараттық-анықтамалар.
«Сайлаумэн» ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.
Telegram-ғы чат-ботқа қосымша ретінде бағдарламашылар Instagram (https://www.instagram.com/sailauman/) әлеуметтік желісіндегі платформада да «Сайлаумэн» нұсқасын қарастырған. Аталмыш желіде анықтамалық ақпарат комикстер ретінде жарияланатын болады.
«Құрастырушылардың ойлап тапқан «аңызына» сай, Сайлаумен жуырда 18 жасқа толған және де алдағы президенттік сайлау - оның қатысқалы отырған алғашқы сайлауы. Кейіпкер сайлау процесіне қатысты барлық материалдармен танысып, көптеген ақпарат жинаған, енді сол білген-түйгендерін достарымен Telegram арнасында және өзінің Instagram парақшасында бөлісуге дайын. Өзі үлгі бола отырып, виртуалды көмекші жастарды сайлауға қатысуға ынталандыруға, сондай-ақ сайлау және сайланған азамат болу мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесінің іргетасы болып табылатынын және де дауыс беру маңызды, жауапты және күрделі емес әрекет екенін түсіндіруге тырысады», - делінген аймақ әкімдігінің мәліметінде.
«Сайлаумэн» қазірдің өзінде желілерге қосылған. Instagram желісіндегі жазылушыларының саны 20 мыңнан асқан және де ол сайлау туралы сауалдарға тәуліктің кез келген уақытында жауап беруге дайын.