Сайлаушылардың ең көбі ОҚО-да, ал ең азы Атырау облысында тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметіне хабарлады.

Атап айтқанда, 2015 жылдың 5 сәуіріндегі деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 1 255 634 сайлаушы тіркелген. Екінші орында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанадан 1 028 966 адам дауыс бере алады. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Бұл өңірде дауыс бере алатын азаматтардың саны - 944 342. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында 845 581, Қарағанды облысында 813 471, Қостанай облысында 544 153, Жамбыл облысында 514 815, Ақмола облысында 462 208, Павлодар облысында 454 606, Ақтөбе облысында 448 526, Батыс Қазақстан облысында 404 465, Астана қаласында 404 433, Қызылорда облысында 395 913, Солтүстік Қазақстан облысында 378 080, Маңғыстау облысында 315 202, Атырау облысында 304 593 сайлаушы бар. Сайлаушылардың жалпы саны 9 514 988 адамды құрайды. .