Ал, ауыл округі әкімдіктерінің есебінен ұзақтығы 13,8 шақырымды құрайтын 19 ішкі көше жолы орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы 3 көпір жөнделді.
Өткен жылы Ақсукент ауылындағы «Ақсу-қалалық қоқыс орны - аудандық аурухана - теміржол вокзалы» бағытындағы 3,3 шақырымдық жол және Аққала ауылына кіреберістегі «Көксәйек - Шаян - Аққала - Сарқырама» автожолы күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстарға облыстық қазынадан 899,5 млн теңге қаралған. Оған қоса аудандық маңызы бар 6 жолға 246,6 млн теңге қаржы бөлінді. Ал, 27,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар пайдалануға берілді.