Мәселен, 2018 жылы 12 елді мекен газдандырылды. Осылайша, аудан аумағындағы 42 ауылдың 31-і өткен жылдың қорытындысымен толық көгілдір отынмен қамтылды. Яғни, қамту деңгейі 73,8 пайызды құрап отыр.
«Биылғы жылы 7 елді мекенге газ тарту жоспарлануда және қамту деңгейі 90,4 пайызды құрамақ. Жалпы, аталған 42 елді мекеннің барлығы 2020 жылға толық газдандырылатын болады», - делінген ақпаратта.