Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен#Birge#TazaQazaqstan экологиялық шарасы еліміздің барлық ерекше қорғалатынтабиғи аумақтарында ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Акцияға Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері менТөлеби ауданы әкімдігі мен мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы ардагерлеркеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер менбанк қызметкерлері, экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Экологиялық шара аясында өзендердің арнасы, туристік маршруттар, Сайрамсушатқалындағы жол бойы мен өзен жағалауы және 8 демалыс алаңқайлары тазаланды. Сондай-ақ, кордон-демалыс үйлерінің ауласы менөткізу-тазалау бекетінің төңіректері және басқа да табиғи орындарды реткекелтіру мен абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры СахитҚынтаев аталған экологиялық акция азаматтарды Қазақстанның флорасы мен фаунасынсақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігін тигізетінін атап өтті.