«Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар ілікті

АСТАНА. KAZINFORM — «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалды.

Фото: Видеодан скрин

Бұл кадрлар Қазақстанның оңтүстігінде мекендейтін жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар тек жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де көмектеседі. Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.

Бұлғын (лат. Martes zibellina) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі.
Ұсақ жәндіктермен, кеміргштермен, тиінмен, қоянмен, балқарағай жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Шыршалы, балқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді.

Айта кетелік Қостанайда сирек кездесетін жануарларды аулаумен айналысқан браконьерлер ұсталған еді