Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА.KAZINFORM — Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында қар барысы тағы да фототұзаққа іліккен.

Парк қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанның Қызыл кітабына енген әрі өте сирек кездесетін «тау падишасы» биыл осымен екінші рет фототұзаққа таспаланып отыр.

Бұл жағдай табиғатты сақтау үшін қолайлы жағдайлардың бар екендігін және паркте жүргізіліп жатқан табиғат қорғау шараларының тиімділігін дәлелдейді.
Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетелік  Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа үнді жайрасы түсіп қалған еді